1942

Елордада 1 маусымнан бастап қала маңы бағыттары жанданады

1 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қ. барлық қала маңы бағыттары қатынай бастайды. Қалалық бағыттар 12 мамырдан бастап жүрді. Қоғамдық көлік сағат 06:00-22:00 аралығында жүреді.

Автобустар әдеттегідей дезинфекцияланады. Жүргізушілер қауіпсіздік шараларын сақтайды: бетперде тағады, қолғап киеді және антисептик пайдаланады.

Санитарлық нормаларды сақтау, яғни бетперде тағу жолаушылардан да сұралады. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырдағы Қаулысына сәйкес, жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды.

Қаулының орындалуын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бақылайды. Олар қоғамдық көліктегі санитарлық нормалар туралы түсіндіру жүмыстарын жолаушылармен күнделікті жүргізеді. Жолаушы бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсу сұралады. Жүргізушілерге автобустағы жүктеме 50% аспауы керек деген талап сақталады.

Жол ақысын қолма-қол ақшасыз жүргізу қажет. Ол үшін көліктік карта, балама төлем түрлері қарастырылған – SMS, QR-код және мобильді қосымшалар.

Естеріңізге саламыз, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер енгізілді. 18 жасқа дейінгі балалар көліктік картамен елорданың қоғамдық көлігінде тегін жүреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109