1310

Нұр-Сұлтанда блокпосттарда жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды

Бүгін Қарағанды тас жолындағы «Жібек жолы» блокбекетінде Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдынғы шекте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген  дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады.

Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

«Дәрігерлер, полицейлер мен волрнтерлер бірігіп, індетті жеңіп және тезірек үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті.  Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар», - деді Ержан Сәденов.

Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен алдынғы шекте  күресті.

Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен полицейлер аз емес. Оның ішінде блок бекеттерден жүкті әйелдерді алып перзентханаларға, түрлі жарақаттармен келген науқастарды ауруханаларға жеткізген полицейлер бар.

Бұған қоса, Полиция департаменті карантин режимі аяқталмады, эпидемия жойылған жоқ. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109