587

Балаларды қорғау күнінде Нұр-Сұлтанда «Қауіпсіз такси» акциясы өтуде

Акция аясында ресми тіркелген 150 такси балаларға арналған орындықпен жабдықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «TaxovichkoF Astana» компаниясы «Балалар креслосы» акциясын іске қосып, «Агуша» бренді автопаркті балалар орындығымен жабдықтайтынын хабарлады.

Бұдан былай баласы бар елорда тұрғындары мен қонақтары «TaxovichkoF Astana» таксиі арқылы қатынай алады, балалар креслосы тегін ұсынылады.

Арнайы балалар креслосы бар таксиді TaxovichkoF Astana мобильді қосымшасы, taxovichkof.kz сайты немесе + 7 (700) 00-15-800 байланыс нөмірі арқылы шақыруға болады.

«Бүгінгі таңда біздің таксиіміз нарықта «Балалар креслосы» акциясын тегін іске қосқан жалғыз мекеме. Көліктері балаларға арналған кресломен жабдықталған жүргізушілердің барлығы оны орнату, баптау бойынша қосымша оқытылды және балалар мен олардың ата-аналарымен тіл табысу үшін консультация алды», - деді «TaxovichkoF Astana» компаниясының директоры Олег Фатюхин.

Нұр-Сұлтанның тасымалдаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожинның айтуынша, орнатылған креслолардың барлығы қауіпсіздік талаптарына сай келеді.

Қазір Нұр-Сұлтан әкімдігі полициямен бірлесіп «Қауіпсіз такси» акциясын өткізуде.

«Осы орайда біз балаларды жол ережесіне үйрету үшін арнайы оқу өткіземіз. Жүргізушілермен жұмыс істеп, салонда арнайы кресло болмаса балаларды тасымалдауға тыйым салынғанын ескертеміз», - дейді қалалық Полиция департаментінің аға инспекторы Бауыржан Тоқжұманов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109