1214

Елордада мемлекеттік қызметтің 42%-ы Egov порталы және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілді

Бірнеше жылдан бері Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметтері Open space форматында көрсетіліп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2020 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстан астанасында 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 12 мыңы немесе 42%-ы электронды үкімет порталы және ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылды.

Егер электронды форматта көрсетілген қызмет көлемін өткен жылдың кезеңімен салыстырса, 10%-ға көбейгені байқалады.

Аталған көрсеткіштің жақсаруына халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін ұйымдастырылған тегін оқу курстары септігін тигізді.

Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтанда 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ «Цифрлық мемлекетке өту» бағыты бойынша елорда тұрғындары үшін Smart Astana мобильді қосымшасында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы және «Жанұя» отбасын қолдау институтына кезекті брондау қызметі әзірленіп, іске қосылды.

«Біз әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді жетілдіріп, жаңартып, қағаз құжаттарды жинап кезекте тұрмас үшін ыңғайлы етудеміз. Автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні көрсетілетін 18 мемлекеттік қызметтің 6-ы автоматтандырылды. Жақын арада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі мен процесстерін толығымен оңтайландыру мәселесі қаралып жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109