1808

Елордада 1 маусым күні санитарлық нормалар сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды

Нұр-Сұлтан қаласында 1 маусымда санитарлық нормаларды сақтамаған 70-тен астам нысан жабылды. Бұл дәмханалар мен мейрамханалар, сұлулық салондары, стоматология, гүл сататын дүкендер. Мысалы, Coffee Day кофеханасы, Orda Dent стоматологиясы, Ziba және т. б. сұлулық салондарын атап өтуге болады.

Әкімдіктің мобильді тобымен бірге полицейлер мен эпидемиологтар да санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау үшін рейдтер жүргізеді. 1 маусымда мониторинг бойынша 200-ден астам нысан тексерілді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптары орындалмай, нысандар қайта ашылмайды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.

Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 50 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорынға ескерту жасалып, кей кәсіпкерлерге айыппұл салынды.

Астанада маска тағу режимі сақталуда. Адамдар көп жиналатын жерлерде, автобустарда, дүкендерде және басқа да жабық ғимаратта бетперде кию, қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда, қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта ауысады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109