1940

Нұр-Сұлтанда келушілерге кальян ұсынған бар жабылды

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. 2 маусымда мониторингпен 50-ден астам нысан қамтылды. Оның ішінде көлік жуу, дүкендер, дәмханалар, барлар және т.б. бар.

Санитарлық нормаларды сақтамаған 4 нысан жабылды. Мәселен, «Мята» лаундж-барында (Қабанбай батыр даңғылы) келушілеріне кальян ұсынылғаны анықталып, сол үшін жабылды.

Аталған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қаматамасыз етпейінше жабық болады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 120 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 нысан ескерту алып, бірқатарына айыппұл салынды.

Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептикті пайдалану қажет. Тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109