716

Елорданың қоғамдық орындарында маска тегін таратылуда

Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндіру жүргізуде.


Полиция қызметкерлері мен еріктілер санитарлық нормалар толық сақталмайынша елордадағы карантин режимі аяқталмайтыны, тіпті ұзартылуы мүмкін екенін тұрғындарға түсіндіруде. Сонымен қатар, олар тегін маска да таратты.

Санитарлық талаптар мен гигиена ережелерін сақтау – вируспен күресудің ең тиімді тәсілі. Елордалықтардың күнделікті өмір салтына оралуы тікелей өздеріне байланысты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары санитарлық нормаларды толықтай сақтауға шақырады. Атап айтқанда, маска тағып, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтау, қолды антисептикпен өңдеу өте маңызды.

Сондай-ақ үйді желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау да қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109