2572

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 52 нысан жабылды

Нұр-Сұлтанда маусымның 1 мен 3 аралығында 130-ға жуық нысан санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін жабылды. 3 маусымда мониторинг аясында 150 нысан тексеріліп, оның 52-і жабылды. Жабылған нысандардың ішінде дәмханалар, мейрамханалар, барлар (кальян ұсынғаны үшін), сұлулық салондары, көлік жуу және т.б. объектілер бар.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін  рейд жүргізеді.

Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар қатаң ескертуден кейін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақтай отырып жұмысын қайта бастады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды.

Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептикті пайдалану қажет. Тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге тура келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109