1291

Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай авто-мото шеру өтті

Дәстүрлі жалғасып келе жатқан іс-шара ерекше форматта өтті. Таңертеңнен бастап қала көшелерінде 28 автокөлік, 28 мотоцикл жүріп, 28 шақырым қашықтықты бағындырды. Кейін Есіл өзеніндегі катер де 28 шақырымды бағындырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды іс-шараға 28 саны кездейсоқ алынбаған: дәл 28 жыл бұрын Қазақстанда Ұлттық рәміздер: Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңба бекітілді.

«Бүгін кешке дейін созылатын іс-шараға жүзден астам қала тұрғыны мен еріктілер қатысуда. Бұдан басқа, бүгін біз Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін Мәңгілік алауға 75 гүл шоғын қойып, Жеңістің 75 жылдығын атап өтпекшіміз», – дейді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Іс-шараны ұйымдастыруға қалалық штаб еріктілері белсенді қатысты.

«Біз бұл шараны ұйымдастыруға көмек көрсетіп, оған белсенді қатысып жатырмыз. Бұл өте қызықты шара, оған қала тұрғындары, әсіресе жастар белсене қатысады», – дейді ерікті Мадина Нұрланқызы.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109