2562

Елордада қай көшелерге жөндеу жүргізілді?

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу белсенді жүргізілуде. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді, оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан.

Мәселен, Шұғыла, Бұхарбай батыр, Асан Қайғы көшелері, Абай, Жеңіс, Тұран даңғылдары, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, «Тұлпар» көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жолдағы 15 орталық көшедегі жөндеу аяқталды.

Қазір 30 көшеде жөндеу жүріп жатыр. Атап айтқанда Сәтбаев, Конституция көшелері және тұрын алаптары жөнделуде. Қаланың барлық тұрғын алаптары қамтылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, жұмыс кезінде санитарлық талаптап сақталуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады.

«Бұл салада жұмыс істеп жатқаныма 13 жыл болды. Бүгін елорданың басты көшелерінің бірін жөндеп жатырмыз. Жұмысымды ауыстырғым келмейді, қала тұрғындарына жайлылық жасаған ұнайды. Жақында Мәңгілік ел көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақты бітірдік. Бұл көшені де бір-екі күнде аяқтаймыз», - деді учаске шебері Дмитрий Кушакеев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109