2695

Қашықтан оқыту кезінде көрсеткен кәсібилігі мен шеберлігі үшін елордалық педагогтар марапатталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қашықтан оқыту кезіндегі ерен еңбегі үшін елордалық ұстаздарды марапаттады.

Нұр-Сұлтан мектептерінің 22 мұғалімі Ыбырай Алтынсарин медалін иеленсе, үш ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары 139 ұстазға тапсырылды.

Қала әкімінің орынбасары  мұғалімдерді  оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, олардың қашықтықтан оқытудағы зор еңбегін ерекше атап өтті.

«Пандемия кезінде біздің ұстаздар үлкен жұмыс атқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді.Осынау қиын уақытта өздеріңіз жақсы жұмыс көрсетіп, балаларды оқытуға  зор үлес қостыңыздар. Оқу жылының 4-тоқсаны ерекше форматта өтті, 170 мыңдай оқушы қашықтан білім алды. Ұстаздар қауымы осындай қиын кезеңде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетіп, бұл сынақтан өте шықтық. Елордада 187 мұғалім телеарналар арқылы қазақ және орыс тілінде 12 пәннен бас-аяғы 3300 онлайн сабақ өткізді», – деді Бақтияр Мәкен.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова педагогтарға қашықтан оқыту кезінде білім беруді жалғастыру үшін жаңа дағдыларды меңгеруге тура келгенін айтты.

«Әлемдік пандемия кезінде елімізде ұстаздар «Ел арна», «Балапан» арналары арқылы сабақ берді. Мұғалімдердің тәжірибесінде бұл алғаш рет болып отыр. Ұстаз ғана емес диктор міндетін де, монтаж жұмысын да қосымша атқарды», – деді Ш. Қадырова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109