1711

Нұр-Сұлтан қаласында Covid-19-ға қарсы дезинфекция жалғасуда

Елорда саябақтарында, қоғамдық орындарда, әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, аялдамалар мен автобустарда, балалар алаңдарында және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жалғасуда. Қалада 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

«Covid-19 таралуына жол бермеу үшін дезинфекция жалғасуда. Сондай-ақ бұған әскери қызметкерлер, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері де жұмылдырылған. Осының бәрі қалалықтардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Тұрғындарға карантиннің жеңілдетілген режиміне байланысты қоғамдық орындарға, саябақтар мен бақтарға баруға рұқсат етілген. Біз аталған орындарды мұқият дезинфекциялаймыз. Тұрғындарды барлық санитарлық ережелерді сақтауға шақырамын. Өзіңізді қорғай отырып, басқаларды да қорғай аласыз», – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев

Елорда тұрғындары қатаң санитарлық нормаларды сақтауы қажет: маска киіп жүру, қашықтық сақтау, антисептик пайдалану. Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда қала қатаң карантин режиміне қайта ауысуы мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109