4973

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тесттен өте алады

Тест алуға 3-5 минут уақыт кетеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.

«Мақсат – қаланың барлық азаматтарын тексеріп, инфекция жұқтырмағанына көз жеткізу. Сонымен қатар күн сайын 6 зертханада 4 500 талдау жасалады. Жалпы, қалада материал жинаумен айналысатын мемлекеттік және жеке зертханалар бар. Орталық та ыңғайлы орналасқан. Азаматтар әуежайға келгеннен кейін тест тапсыра алады. Автокөліктерге арналған тұрақтар жеткілікті», – деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, болашақта жоба қаланың басқа да бөліктерінде ашылуы мүмкін.

Мобильді орталық күніне 100-ден астам тест алуға қабілетті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ мамандар атап өткендей, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейді. Тест құны – 10 мың теңге.

Тест тапсырушы эпидемиологиялық факторлар мен симптомдарға қатысты жеке ақпараттар көсетілген сауалнама толтырады. Кабинада дене температурасы жанасусыз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы өз нәтижесін электронды пошта немесе Whatsapp нөмірі арқылы ала алады.

Тест тапсырушы Covid-19-қа күдікті болған жағдайда мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады.

Мобильді скрининг орталығы 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Ол «MEGA Silk way» сауда орталығы аумағында, яғни №2 аурухана мен «MEGA Silk way» сауда орталығы арасында орналасқан.

Сарапшылардың пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласында осындай пункттің ашылуы тұрғындар арасында аурудың жасырын ошақтарын анықтап, асқынулардың алдын алу үшін уақтылы санитарлық-эпидемиологиялық және алдын-алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада коронавирусқа жедел және жоғары дәлдіктегі ПТР-скрининг жүргізу үшін бірінші модульдік зертханалық кешен іске қосылды. Болат Өтемұратов қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне ғылыми-зерттеу процесін автоматтандыратын бірегей зертхананы сыйға тартты.

Зертханада мынадай санаттағы тұлғалар үшін тегін скрининг жүргізеді: жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелері ауруларымен динамикалық бақылауда тұрған 50 жастан асқан пациенттер; эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған арнайы контингент – волонтерлер мен белсенділер, патрульдер; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған мекемелердегі азаматтар; мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109