2897

Елорданың бас санитарлық дәрігері: митингке шыққандар бүкіл қалаға індет жұқтыруы мүмкін

Covid-19 таралу қаупі әлі де бар. Карантин кезінде көпшілік шараларды, митингілер мен жиындарды өткізуге тыйым салынады. Бұл біз қауіптенген жаппай жұқтыруға әкелуі мүмкін. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

«Пандемия, карантин кезінде митингілер мен жиындарды өткізу өте қауіпті. Жұқтыру қаупі ондаған есе артуы мүмкін. Себебі қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарында еркін жүріп, инфекцияны бүкіл қала бойынша таратады. Бұған жол беруге болмайды, себебі індет қайта өршіп, қала қатаң карантинге қайтып келуі мүмкін. Яғни, жұмысына кіріскен кәсіпорындар қайта жабылуы ықтимал. Көптеген нысандар қайтадан жабылады, адамдарға үйден шығуға болмайды. Қала бойынша блокпосттар қойылып, полицейлер мен әскерилер бақылайтын болады, қоғамдық көліктер тоқтайды. Аталған қиын кезеңді бірге өткеріп, көп жұмыстар жасалды. Сондықтан бұндай жағдай қайталанбас үшін, барлық тұрғындарды қатаң санитарлық ережелерді, заңды сақтауға шақырамыз. Заңды бұзған тұрғындар жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Елордада Covid-19 індетін жұқтырудың 2379 жағдайы тіркелді (1291 науқас сауығып шықты). Коронавирус жасқа қарамайды, ауырғандардың арасында созылмалы аурулары жоқ жастар бар екенін де атап өткен жөн. Тіпті кей науқастарда аурудың белгілері байқалмайтын жағдайлар да кездеседі. Инфекция тек өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды да зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде фиброз түрінде ошақтар пайда болады. Сондықтан бұл індеттің алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109