963

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынуда

Апаттық жағдайдағы күрелген үйдің 10 жыл бойы бос жатқан орнына жаңа гүлзар салынып, аула алаңы абаттандырылуда. Нұр-Сұлтанның барлық аудандарында аулалар мен аулаішілік аумақтарда абаттандыру жүріп жатыр. Биыл 150-ге жуық аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар мен гүлзарлар) абаттандырылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар аула мен гүлзардағы жұмыс барысын аралап көрді.

Күрелген апаттық жағдайдағы үйдің орнында (Есенберлин көшесі, 36 үй) қазір жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарына арнап жаңа аула салынуда. Алаң бірнеше аймаққа бөлінген: балаларға арналған ойын алаңы, мини-футбол пен баскетбол үшін спорт алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін және серуендейтін жер. Бұған қоса жобада көлік тұрағы ескерілген.

Бұған дейін аралау кезінде Жеңіс даңғылының тұрғындары (Жангелдин көшесінің қиылысы) балалар алаңы жоғын айтып, аумақты абаттандыру туралы мәселе көтерген болатын, қазір онда аула мен көлік тұрағы салынуда. 10 жылдан бері бос жатқан жерде (Сарыарқа даңғылы, 23) жақын арада жаңа гүлзар пайда болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмысты сапалы істеу керегін атап өтті.

«Аулаішілік аумақтар, балалар алаңы мен гүлзарларды біз осы ауданда тұратын тұрғындар үшін, үлкендердің демалатын, ал балалардың ойнайтын жері болуы үшін істеп жатырмыз. Аулаларды халықтың пікірін ескере отырып аббаттандыру керек. Ол үшін биыл қаланың барлық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Тұрғындар қай ауланы абаттандырып, балалар алаңына не орнату керек екенін өздері шешеді. Алайда тұрғындар өз аулаларын күтіп ұстау қажетін түсінуі тиіс. Көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз. Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109