3481

Елорда балабақшаларында құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Биыл 20 198 бала алғаш рет мектепке дейінгі мекемелерге барады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

17 маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдауды бастау жоспарлануда. e.astana.kz немесе indigo24.kz электронды жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған 20 198 орын жарияланатын болады (2019 жылы – 15 мың орын босады), деп хабарлады бүгін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Босаған орындардың ішінде 2018 жылы туғандарға – 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға – 7 877 орын, 2016 жылы туғандарға – 5 449 орын, 2015 жылы туғандарға – 4 430 орын қарастырылған.

«1 маусымнан барлық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналар үшін онлайн-консультациялар ұйымдастырылды. Қажет болса ата-аналар қатаң санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің көмегіне жүгіне алады», – деді басқармада.

Топтастыруды өткізу кестесі мен жолдамаларды алу бойынша ақпарат барлық интернет ресурстарда: Білім басқармасының сайтында (www.bilim.astana.kz), әкімдіктің сайтында (astana.gov.kz), электрондық жүйеде (e.astana.kz немесе indigo24.kz) орналастырылады.

«Елордадағы карантиндік шаралар режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуысыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады. Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Call-орталыққа 55-68-83, 55-68-73, 1445 телефондары арқылы хабарласуға болады», – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Балабақшалардың қабылдау кестесі төменде берілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109