1643

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарымен кездесті

Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған аналармен кездесті.

«Кездесу барысында тұрғын үй, медициналық көмек және қосымша білім алу, жұмысқа орналасу, балаларды оңалту үшін жағдай жасау мәселелері көтерілді», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында.

Оның айтуынша аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Оңалту орталықтарының желісін кеңейтеміз, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеждің құрылысы басталды. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар ашылады (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар). Инватакси саны екі есе артты. Медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға және қосымша білім алуға көмектесеміз. Кездесуде айтылған мәселелер жұмысқа алынды», – деді Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109