1592

Елордалық Жазушылар одағында «Парасат» оқырман клубы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» білім орталығы жанынан құрылған «Парасат» оқырман клубы Жазушылар одағында ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа оқырман клубының ашылуына қаланың ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева мен Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі ұйым өз саласы тарапынан ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық іс шараларды бірлесе отырып атқаруға келісті.

Бұған қоса, «Парасат» оқырман клубының алғашқы отырысында осы жылы талданатын әдебиеттер тізімі бекітілді. Клубтың жұмысын жандандыру мақсатында қаламгерлерді әрдайым қонақ ретінде шақыру, оқырмандарды ынталандыру үшін, түрлі байқау, викториналар ұйымдастыру жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Парасат» оқырман клубының есігі әрдайым ашық, дейді ұйымдастырушылар. Қала тұрғындары оқырман клубына апта сайын белгіленген әдебиетті оқып, талқылауға қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109