3009

Елордалық көпбалалы аналар «Кәсіпкер ана» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін игеруде

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Үш баланың анасы Айнұр Жазықбаева алты ай бұрын тапсырыспен торттар мен бәліштер пісіре бастады. Кәсіппен айналысқысы келетін әйелдерге арналған тегін курстар туралы білген ол, мүмкіндікті жіберіп алмауды жөн көрген.

«Менің ойымша, осындай мүмкіндік берілсе, оны пайдалану керек. «Кәсіпкер ана» жобасы әртүрлі бағыттар бойынша тренингтерден тұрады. Мен өз өнімдерімді әлеуметтік желілерде таныту үшін СММ-ді таңдадым. Мен бұрын-соңды ешқашан білмейтін көптеген тәсілдерді білдім. Мысалы, өз өнімімді дұрыс жарнамалауды, оны қалай жүзеге асыруды меңгердім», – дейді Айнұр Жазықбаева.

Енді ол курстарда фотограф мамандығын меңгеріп, әдемі суреттер ұсынуды үйренуді жоспарлап отыр. Оған қоса тренинг онлайн режимінде өткендіктен, үйден шықпай және балаларды қараусыз қалдырмай барлық қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік бар.

Еске салайық, «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Оның міндеті көп балалы әйелдерге, жалғызбасты аналарға, табысы аз әйелдерге, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жеке ісін бастауға көмектесу.

«Бүгінде жобада онлайн режимде оқуға 1200-ден астам өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 500-ге жуық әйел барлық критерийлерге сай келіп, қазір 200-ге жуық адам білімдерін жетілдіруде», – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Еске салайық, оқыту 11 негізгі бағытта өтеді. Бұл массаж, СММ, копирайтинг, графикалық дизайн, суретке түсіру, маникюр, аспаз, кондитер аспаз, есепші, коуч/психолог, тігінші. Әйелдер бағыттардың біреуін таңдап, оқи алады және курсты аяқтағаны туралы сертификат алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109