2352

Елордада ҰБТ кезінде оқушылардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Тестілеу кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Түлектердің ата-аналары үйде қалуы тиіс. Олар үшін аудиториялардан онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білім басқармасында ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.

«Оқытушылар мен түлектер арасында COVID-19 таралуын болдырмау және алдын-алу бойынша түсіндіру жүргізілуде. Сыныптарда үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Нұсқаулықта жазылғандай дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету (респираторлы маскалар, қолғаптар, санитайзерлер); термометрияның сақталуы, тексерілетін адам мен қызметкер арасындағы қашықтық кемінде бір метр; университеттердің аудиторияларында санитарлық-дезинфекция режимін сақтау; желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету», – деп түсіндірді басқармада.

ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті 100 полиция қызметкері мен 10 арнайы көлік қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 9 медицина қызметкері және үш жедел жәрдем жұмылдырылады. 24 қызметкер өрт қауіпсіздігін қадағалайды, 46 автобус қала шетінде тұратын 540 түлекті тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Білім басқармасы түлектердің ата-аналары балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін топтанып жиналмай, үйде отыруы керек екенін тағы бір атап өтті. Олар үшін аудиториядан онлайн трансляция ұйымдастырылады.

Хабарланғандай, биыл мектепті 6515 оқушы бітірді. ҰБТ-ға қатысуға 95% немесе 6255 адам өтініш берді, оның ішінде 3661-і қазақ, 2554-і орыс, 40-ы ағылшын тілінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109