1683

Коронавирус пандемиясы артта қалды деуге болмайды – Сәуле Қисықова

Қазақстан астанасында COVID-19 таралғаннан бері 2620 адам індет жұқтырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр Сұлтанда соңғы күндері КВИ-дан төрт өлім жағдайы тіркелді. Марқұмдардың бірі үйде өздігінен емделген, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова брифингте.

«47 жастағы тұрғын екі апта бойы үйде өзі емделген. Екінші жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 68 жастағы ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Үшінші жағдайда Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, 70 жастағы ер адам жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен кардиологтың бақылауында болды. Төртінші жағдайда 59 жастағы ер адам, Алматы қаласының тұрғыны өздігінен ауруханаға жүгінген. Олардың барлығы жағдайының ауырлығына байланысты дереу жансақтау бөліміне жатқызылды», – деді С.Қисықова.

Қарқынды терапияға қарамастан жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесіз болып, өлім анықталды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы індеттің, оның ішінде пневмонияның көбеюіне байланысты елорда тұрғындарына мәлімдеме жасады.

«Коронавирус пандемиясы артта қалды және онымен байланысты қауіп сейілді деп айтуға болмайды. Өйткені, бұқаралық шаралардың барлық қатысушылары жақындары үшін инфекцияның белсенді көзі болып табылады және жаңа инфекция ошақтарының пайда болу қаупін туғызады», – деді С.Қисықова.

Инфекцияның негізгі факторы – адамдар көп жиналатын орындарға бару кезінде маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиенаны бұзу.

Нұр Сұлтанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері 2620 адам індет жұқтырған. Оның 270-і балалар. 1 829 адам немесе 70%-ы емделіп шықты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109