1409

Елордада Red Bus автобустарымен шолу экскурсиялары қайта жанданды

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір айналымнан соң автобус іші кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Red Bus экскурсиялық автобустары өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз! Біз аудиогидімізді жаңартып, қосымша жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауын қостық», – делінген Red Bus хабарламасында.

Қауіпсіздік мақсатында әр айналым сайын автобус кварцталып, арнайы дезинфекция құралдарымен өңделеді. Салонда қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушылар экскурсия барысында автобус ішінде маска тағып отыруы керек.

«Елорда бойынша қауіпсіз экскурсияға шақырамыз! Сіз қаланың тарихымен танысып, Нұр-Сұлтанның ең көрікті орындарын тамашалайсыз», – дейді компания өкілдері.

Red Bus күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. Жөнелту орны – «Есіл өзенінің жағалауы» аялдамасы, 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.

Біздің аялдамаларымыз:

  1. Есіл өзенінің жағалауы
  2. «Хан-Шатыр» СОО
  3. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы
  4. «Нұр-Әлем» музейі
  5. Ұлттық музей
  6. «Бәйтерек» монументі
  7. «Ailand» океанариумы

www.redbus.kz

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109