2983

Елордада әкімдіктің мобильді тобының санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтері жалғасуда

Арнайы комиссия дүкендер, сауда орталықтары мен басқа да адам көп жиналатын жерлерде санитарлық нормалардың сақталуына рейд жүргізді.

«Біз нан өнімдерін қаптамасыз сату, қызметкерлер мен келушілердің жеке қорғаныш құралдарының болмауы сияқты бірқатар бұзушылықты анықтадық. Анықталған фактілер бойынша түсіндіру жүргізіліп, кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар берілді», – деді Байқоңыр ауданының ТКСҚББ бас маманы Айзат Алдажар.

Бүгінгі күні аудандардың мобильді топтары 800-ден аса кәсіпкерлік нысанына мониторинг жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 244 кәсіпорында санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды.

«Негізгі ескертулер қызметкерлер мен келушілердің арасында қауіпсіздік шараларын сақтамау мәселесіне қатысты. Қоғамдық тамақтану орындарындағы үстелдердің қашықтықты сақтамай орналасуы, температураны тіркеу журналы мен тепловизордың болмауы, қызметті медициналық маскамен қолғапсыз көрсету, жұмысты рұқсатсыз бастау сияқты бұзушылықтар. Одан бөлек, комиссия антисептик құтыларының бос тұрғаны және кезек үшін арнайы белгінің болмағаны үшін ескерту жасады», – деді басқармада.

Барлық нысандардың жетекшілеріне 1-3 күннің ішінде олқылықты жою туралы ескерту берілді. Сондай-ақ белгілі болған фактілер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізілді.

Елордада маска тағу режимі сақталады. Адам көп жерлерде, автобустарда, дүкендерде бетперде киіп, қашықтық сақтап, антисептик қолдану керек. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған жағдайда қала бұрынғы қатаң карантин режимінеқайта оралады – нысандар жабылып, қалада қозғалысқа шектеулер енгізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109