2447

Елордада «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өтуде

Жыл басынан бері 300-ден астам әйел сенім телефонына жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 15-18 маусым аралығында елорда аумағында мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акция өтуде.

«Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру» – дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Инспекторлармен бірге күн сайын азаматтарды қабылдау жүріп жатыр. Оларға құқықтық және психологиялық кеңес, құқықтық көмек, учаскелік полиция инспекторларына қорғау нұсқамаларын шығаруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тұрғындар, ұйымдар қызметкерлері мен оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты дамыту бойынша іс-шараларды өткізу кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы түсіндіріледі.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметін ұйымдастыру, қала әкімдігі жанынан «Үміт» КММ жұмыс істейді (тәулік бойы 49-78-89 сенім телефоны). Қызметкерлер тұрақты түрде 71-60-63 сенім телефондары бойынша түсіндіру жүргізеді (жұмыс күндері уақытылы істейді), зардап шеккен әйелдер өтініш берген кезде олардың құқын қорғау шаралары қабылданады, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған 1409, +77081060810 (WhatsApp) және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 150 нөмірі бойынша тегін заңгерлік, психологиялық кеңес беру Call орталықтары жұмыс істейді.

Жыл басынан бері бөлімшедегі сенім телефонына 300-ден астам әйел жүгінген. Олардың ішінде негізінен заңды және азаматтық жұбайлардан зардап шеккендер, бұрынғы жұбайлардан немесе жақын адамдардан, зорлық-зомбылықтан, тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер бойынша зардап шеккендер бар. Барлық өтініш білдірген адамдармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, телефон арқылы психологиялық және моральдық көмек берілді. Сондай-ақ тиісті органдарға шағым жасау үшін заңгерлік көмек көрсетілді.

Жеке қабылдауға келген 150 әйелдің 40-тан астамы балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды.

Олардың өтініштері бойынша 100-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дағдарыс орталықтарының мамандарымен, субъектілермен («Дом Мамы» ҚҚ, «Қорғау-Астана» ЖҚ, «Право» ҚҚ, «Шанс» қиын жасөспірімдерге арналған Жастар орталығы және қаланың ҮЕҰ) үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту сипатындағы көмек көрсететін ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзетуге және балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттемелерін тиісті орындауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 3500-ге жуық адамға қорғау нұсқамасы шығарылды; 130-дан астам адамға қатысты сот құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар қойды.

«Елорда тұрғындары мен қала қонақтары, полицияға дер кезінде жүгінудің маңыздылығын қаперде ұстаңыз! Зорлық-зомбылық фактілері белгілі болған жағдайда полицияға жүгінуден қорықпаңыз», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109