1815

«Дәрігерлер мен орындар барлығына бірдей жетпейді» – қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы санитарлық нормалардың сақталмауы туралы

17 маусымдағы жағдай бойынша елорданың ауруханаларында 1711 адам жатыр – бұл төсек орынның 90%-ын құрайды. Олардың 80-і реанимацияда. Өкпені жасанды желдетуге қосылған пациенттер саны 4 есе өсті.

«Егер қала тұрғындары немқұрайдылық танытса, дәрігерлер мен төсек орындар жеткіліксіз болады. Қалалық медицина ұйымдарында 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны 1 миллион 200 мың адам. Санитарлық нормалардың сақталмауы салдарынан жаппай індет тараған жағдайда, бәріне дер кезінде көмек көрсетілмейді. Егер бұрын бізде бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға шамамен 170 мың тест өткізілді, қазір 40 мыңнан астам тест қол жетімді.

Зертханаға өте үлкен жүктеме түсуде. Тек симптомдары бар және жақын байланысы бар адамдар ғана тест тапсыруы керек. Тесттердің жетіспеушілігне және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ.

Зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырды. Олар күндіз-түні, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адамдар, робот емес. Олар әрқашан вирус ошағында жүр», – деді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР сынақтары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109