3123

Сарыарқа ауданындағы базарлар мен сауда үйлеріне санитарлық нормалардың сақталуына рейд жүргізілді

Рейд барысында «Сәлем», «Эталон», «Ұлжан», «Қамқор» базары мен «Астықжан» сауда үйлері тексерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топ саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.

«Біз бүгін мобильді топпен бірге «Эталон» базарына тексеріс жүргіздік. Карантин режимі бойынша қызметкерлерге түсіндіру жүргізілді. Тексеріс барысында кей сатушылардың масканы дұрыс тақпағаны анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер жоқ. Бұл мәселелер бойынша базар басшылығы мен әкімшілікке түсіндіру жүргіздік. Әкімшілік бұл ретте өз қызметкерлеріне ескерту жасайды», – деді Сарыарқа ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысы міндетін атқарушы Дамира Нұран.

16 маусым күні базарлар мен сауда үйлерінде жасалған тексеріс бойынша Сарыарқа ауданы әкімдігі өкілдері мен полиция тарапынан мынадай ескертулер жасалды: «Эталон» сауда үйі бойынша шағым болмаса да, қызу өлшегіш санын көбейту ұсынылды, «Сәлем» базарында дезинфекциялық кілемшелер мен қызу өлшегіш, «Астықжан» сауда үйінде дезинфекциялық кілемше мен антисептик болмауына байланысты ескерту жасалды. Ал, «Ұлжан», «Көктал Авто» базарлары барлық ережеге сай жұмыс істеуде.

«Әкімшілік тарапынан «Эталон» сауда үйі бойынша мониторинг жасалды. Мониторинг қорытындысы бойынша, айтарлықтай норма бұзушылық болған жоқ. Кіреберісте термометр қойылған, маскалық режим сақталған. Екі сауда орыны барлық нормаға сай жұмыс істеп жатыр. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, кашықтық сақталуда. Санитарлық және дымқыл өңдеу де уақытылы жасалып тұрады», – дейді «Эталон» сауда үйінің әкімшілік-шаруашылық бөлімі қызметкері Ғалымжан Шоланов.

Айта кетсек, мобильді топ мамыр айынан бері бірқатар рейд жүргізіп, санитарлық нормаларды бұзған нысандардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Мобильді топ өкілдерінің ұсынысы бойынша, кәсіпкерлер санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс, себебі инфекция жұқтыру қаупі әлі де жоғары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109