3956

Маусым айында Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны 3,5 есе артты

Елордалық жедел жәрдем директоры мұны азаматтардың карантин талаптарын сақтамауымен байланыстырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Маусым айының басынан Қазақстан астанасында жедел жәрдем станциясына қоңырау шалу саны күрт өсті.

«Маусым айының басынан қоңырау саны 3,5 есе өсті. Егер төтенше жағдай кезінде күн сайын бізге мыңға жуық қоңырау келіп түссе, қазір режим әлсірегеннен кейін екі мыңнан асады. Менің ойымша, бұл азаматтардың карантинді сақтамауымен байланысты. Мен барлығын санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырғым келеді», – дейді қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалалық жедел жәрдемде 12 «103» пульті және қосымша сегіз байланыс орталығы бар.

«Байланыс орталығының операторлары қала тұрғындарының коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтарына жауап береді. Олар КВИ белгілері пайда болған кезде қайда бару керегін, қайда тест тапсыруға болатынын біле алады. Байланыс орталығы «103-ке» жүктемені едәуір азайтты», – деді М.Оразбаев.

Күн сайын Нұр Сұлтанда 112 бригада жұмыс жасайды: 72 қалалық жедел жәрдем және емханалардағы 40 бригада.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109