2148

Астана күні: Нұр-Сұлтандағы білім беру жүйесі қалай өзгерді?

6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Мереке қарсаңында елорда әкімдігінің ресми сайты астананың қалыптасуына ықпал еткен түрлі салалардағы өзгерістер туралы бірқатар материалдар дайындады.

Елордалық білім басқармасының мәліметі бойынша, мемлекеттік мектептер саны мен мұғалімдер саны 5 есе артса, ал халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары 28 есе өскен.

1991 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны 50 мыңнан асқан. Мемлекеттік балабақшалардың саны 13-тен 90-ға дейін өсті.

«Алғаш рет жеке меншік бақшалардың саны мемлекеттік балабақшалардан асып түсті. Елордада 90 мемлекеттік және 237 жеке меншік балабақша бар», – деп атап өтті білім басқармасы.

2010 жылдан бастап, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. 2016 жылы 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына біріктірілді.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту да өсті.

Мәселен, 2012 жылы бұл көрсеткіш 61,9 %, 2013 жылы – 63%, 2014 – 63,1%, 2015 – 64,5%, 2016 жылы – 70,6%, 2017 жылы – 78%, 2018 – 90%, 2019 жылы – 98,4% -ға көтерілді.

«Балабақшалардағы орындарды әділетті әрі ашық бөлуді қамтамасыз ету мақсатында қызметтер портал арқылы электронды түрде көрсетіледі. 2017 жылдан бастап жүйе арқылы 80 мыңнан астам жолдама берілді», – дейді мамандар.

1991 жылмен салыстырғанда оқушылардың саны 126 мыңға көбейгені байқалады. Мемлекеттік мектептер саны 17-ден 88-ге дейін өсті.
Биылғы оқу жылында 117 оқу орны білім беруге дайын. Оқушылар контингенті 182 мың баланы құрайды.

Апатты мектептер жоқ.

Осы жылдар ішінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздары 15-тен 420 оқушыға дейін өсті.

«Нұр-Сұлтан қаласының олимпиадалық командасы республикалық олимпиадада және ғылыми жобалар байқауында 13 жыл қатарынан командалық 1-ші орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды», – деп атап өтті басқарма.

Қалада арнайы оқу бағдарламасымен білім беруді қажет ететін 8 мың ерекше бала тіркелген. Олардың 80%-ы кедергісіз білім мен кепілдендірілген көмек алады. Арнайы күтімді қажет ететін балаларға арналған екі арнайы мектеп-интернат, бес ПМПК кабинеті, алты ППТК кабинеті, екі оңалту орталығы және екі арнайы балабақша жұмыс істейді.

Балаларды қосымша біліммен қамту үшін, қосымша білім беру ұйымдары филиалдарының желісі кеңейтілді. Мәселен, 6 мыңнан астам баланы қамтитын мектептер мен балалар үйі базасында 7 Community орталығы ашылды. Сонымен қатар, мектеп базасында қосымша білім беру ұйымдарының 136 филиалы ашылды.

Соңғы 20 жылда елордада педагогтардың саны 5 есе өсті (1998 жылы 3,5 мың) және бүгінде 17 мың адам білім саласында қызмет етеді.
5 жылдық кешенді жоспар бойынша 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда 120 мыңға жуық баланы қамтиды. Мектеп құрылысына жеке инвесторлар да тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109