2059

Нұр-Сұлтанда қосымша ПТР-тесттер, өкпені жасанды желдету, КТ аппараттары сатып алынады

Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың санының
өсуін ескере отырып, Нұр-Сұлтанда ПТР-тестілер, өкпені жасанды желдету, КТ аппараттары, жеке қорғаныш құралдары, дәрі-дәрмектер сатып алынады. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы - министрдің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаевамен, жауапты хатшы Ботагөз Жақселековамен, вице - министр Людмила Бюрабековамен, сондай-ақ зертхана өкілдерімен, "Фармация" СК, санитарлық дәрігерлермен онлайн-кеңес өткізді. Әкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігі жол картасын бекітті.

Инфекцияны жұқтырғандарға уақтылы көмек көрсету үшін қалада қосымша 720 орын дайындалды. Әскери госпиталь және т.б. медициналық мекемелер стационарға қайта бейімделеді. 112 мыңнан астам жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.

Сонымен бірге осы айда стационарларға 30 өкпені жасанды желдету аппараттары әкелінеді. Сонан соң қосымша тағы 200 өкпені жасанды желдету аппараты алынады.
Сонымен қатар ПТР-тестілеу бойынша мобильді топ құрылады. Денсаулық сақтау басқармасы ПТР-тестілерді жинау және өңдеу бойынша зертханаларда жұмыс істеу үшін медициналық қызметкерлерді оқытады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы күресте қолданылатын медициналық препараттар мен жабдықтардың қорын дер кезінде толықтыру қажеттігін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109