862

А.Көлгінов: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында елордада 130-дан астам инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Елордада әкімдікпен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» аясында 130-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында жолдар, мектептер, емханалар, балалар алаңдары мен скверлердің құрылысы бар. Спорттық-мәдени нысандар жөндеуден өтеді, деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзініңің «Инстаграм» парақшасында.

«Бүгін онлайн-режимде бірқатар мәселелер талқыланды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орнын ашамыз. Тұрғындарды бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырамыз. Пандемия мен карантин уақытында бірқатар кәсіпорынның жұмысы тоқтады. Жаңа жұмыс орындарын құру қала тұрғындары мен қала экономикасы үшін өте маңызды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3600-ден астам адам жұмысқа орналасты», – деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынатынын атап өтті. Оның 100-і елді-мекендерге тиесілі. 150 аула мен 50 тынымбақ жөнделеді. Сонымен бірге «Жастар» сарайы, Қ. Мұңайтпасова атындағы стадион сияқты бірқатар спорттық-мәдени нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бағдарлама аясында бірқатар мектеп, емхана, оңалту орталықтары мен басқа да әлеуметтік нысандарды салып, кейбіреуін саламыз. Сонымен қатар бағдарлама Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге айтарлықтай көмектесті. Бұл қала мен жеке секторда су басу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109