789

«Симптомдары барлар ғана тест тапсыруы керек» – Ұлттық сараптама орталығының басшысы

Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты – орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді.

«Дені сау адамдар орталықтарға көптеп бара бастады. Бұл дұрыс емес! Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Біз жеке тұлғалар арасында ақылы ПТР тестілеуді тоқтатуға шешім қабылдадық. Емханалармен және ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Біз оларға баса назар аударамыз. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек», – деді Талғат Тұңғышбаев.

Инвиво, Олимп сияқты зертханалар сыйымдылығын арттырды. Олар бұрынғы режимде, жеке тұлғалар үшін де жұмыс жасауда. Сонымен қатар симптомдары бар адамдарға бағытталған ПТР тестілеудің мобильді орталықтары іске қосылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109