576

Елорда тұрғындары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Бүгін, 23 маусымда Biz Birgemiz онлайн-форумы аясында «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Марапатқа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс жасап, коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар ие болды.

«Бүгін Biz Birgemiz жалпыұлттық онлайн-форумы өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің халқымызға ынтымақ, тұрақтылық және жанашырлық сияқты құндылықтар тән екенін атап өтті», – деп жазды А. Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Ол Қазақстан Президентінің атынан «Халық алғысы» медалімен коронавируспен күресте ерекше көзге түскен тұрғындар марапатталғанын атап өтті.

«Дәрігерлеріміз бірнеше ай бойы күндіз-түні жұмыс істеді. Олар өздерінің қажырлы еңбегімен және кәсібилігімен науқастардың өмірін сақтап, қиын сәтте жанында болды. Полицейлер қаладағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындармен түсіндіру жүргізді. Мұғалімдер төтенше жағдай және карантин кезінде оқу форматын қайта қалыптастырып, балаларды оқытты. Еріктілер, меценаттар және басқа да қала тұрғындары күн сайын инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрді. Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Вирус әлі бар екенін есте сақтау керек. Бірақ бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсереміз! #BizBirgemiz!» – деді А.Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109