752

Еңбегімен еленген елордалық полиция қызметкерлері марапатталды

Ішкі істер органдарының ардагер қызметкерлеріне де алғыс айтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Ержан Сәденов барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, қызметкерлерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Тәртіп сақшылары – қылмыс пен бұзақылыққа бірінші боп қарсы тұрататын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жандар. Полиция қызметі – өзгенің қамы үшін өзін құрбан етуге дайын батыл әрі мейірімді жандардың ғана қолынан келетін іс.

«Бүгін бізге қоғамдық тәртіпті сақтау және еліміздің бас қаласы, Елбасы есімімен аталған Нұр-Сұлтан қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүктеп, үлкен жауапкершілік артылды. Елордалық полиция департаментінің жеке құрамы алдағы уақытта да өз қызметін, Отан мен азаматтар алдындағы абыройлы міндетін атқаратын болады», – деп атап өтті Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлеріне де тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін алғыс айтылды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ІІМ министрінің бұйрығымен және Нұр-Сұлтан қалалық ПД бастығының бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлерге басшы құрамға берілетін атақтары мерзімінен бұрын тағайындалды. Сондай-ақ медальдер, грамоталар және алғыс хаттар да табыс етілді.

«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Максим Зубов, ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы, полиция майоры Нұрмолда Әбжапаров, ПД патрульдік полиция полкінің рота командирі марапатталды.

ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Байқоңыр аудандық полиция тергеу басқармасының аға тергеушісі, полиция кіші лейтенанты Рахат Тәжин, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция майоры Индира Лескина марапатталды.

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен бағалы сыйлық, қол сағаттарымен полиция майоры Мұхитдин Қалабаев, Алматы ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Бағдат Хасанов, ЖҚАЖ взвод командирі марапатталды. Полиция департаменті бастығының грамотасымен полиция капитаны Нартай Саттар – ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция аға сержанты Ербол Өтешов – қабылдау-тарату орнының кезекші полицейі марапатталды.

Сондай-ақ ҚР ІІМ Академиясының курсанттарына да дипломдар табыс етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109