2110

Нұр-Сұлтан көшелерін жарықтандыру тиімді әдіске көшеді

Нұр-Сұлтанда көше шамдары (натрий шамымен) заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда. Мамандардың айтуынша, олар ұзақ мерзімге жарайды және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Аталған шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп, қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарда, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Қалада 47 мың жарық нүктесі бар, биыл біз 10 мыңын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. 3 жыл ішінде бүкіл қала бойынша осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Мысалы, Сәтбаев көшесіндегі көше шамдары, Мұңайтпасов пен Тоқпанов, Шарль де Голль, Аманжолов, Иманов, Ташенов, Бараев тұйық көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы (бір жағы, жұмыстар жалғасуда), Янушкевич, Пушкин және т. б. энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.

Сондай-ақ елордада аулаларды, үй аумақтары мен қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109