1902

Елордада коллекторлардың үштен бірі тазалауды қажет етеді

Көшелерді су басуға жол бермеу үшін әкімдік нөсер-жауындарға арналған кәріз жүйелерін салу және коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 км құрайды, олардың үштен бірі (134 км) тазалауды қажет етеді. Толып қалған жүйелер жауын-шашын кезінде кәріздердің жұмысына әсер етеді.

Мысалы, Ташенов көшесі мен Абылайхан/Таха Хусейн даңғылындағы коллектор толығымен бітелген – 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, өткізу қуатын арттыру үшін қосымша шеңбер орнатылды.

Б.Момышұлы даңғылының проблемалық учаскесінде су басу мәселесі күзде шешілетін болады –нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде. Бұл нөсерлік кәріздердің ұзындығы 500 метр құрайды –Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылы өтеді).

Сондай-ақ, Молодежный шағын ауданында (Ташенов пен Амман көшесінің қиылысы) өткізу коллекторларын қайта жаңарту арқылы тазарту ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Молодежный шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл тазарту құрылыстары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелерін және Республика даңғылын су басуды болдырмауға мүмкіндік береді. Тазалау құрылысы жер астында орындалғандықтан, құрылыс алаңының үстінде абаттандыру, кіші архитектуралық нысандар орнату және көгалдандырумен саябақ салу көзделген. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағындағы екі учаскеде кәріз мәселесі шешілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109