1811

Елорда әкімдігінде 62% әйел адамдар қызмет етеді

Мемлекеттік аппарат қызметкерінің орташа жасы – 36,4 жастағы азаматтар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің беделі жылдан жылға артып келеді. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – азаматтарға көмек көрсету, олардың мәселелерін шешу.

«Бала кезімнен ел үшін кейінгі ұрпаққа жауапкершілік ала білетін адамдарға қызығатынмын. Оларға қарап бой түзейтінмін. Күніне мың құбылған мына ғаламда уақыт пен жастарға ілесу күн сайын бір челленджден өту секілді. Сіз өзіңізге сеніп, жұмысыңызды жақсы көріп істесеңіз, еш нәрсе қиын емес. Біз үшін әрбір жастың жетістігі – еліміздің жетістігі. Мен өз ұрпағымыз өмір сүретін мемлекет қалыптастыруға, оның болашағын нығайтуға үлес қосып жатқанымды мақтан тұтамын. Мемлекеттік қызметпен қатар үлгілі әке, қамқор жар болу – менің мәртебелі міндетім. «Отанды сүю - отбасынан басталады» демекші, балаларыма тәрбиені жеке мысалмен көрсетіп, іспен дәлелдегім келеді», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

2020 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша Нұр-Сұлтанда 66 Мемлекеттік орган бар. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар саны – 28, орталық мемлекеттік органдардың 38 аумақтық бөлімшесі бар.
Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік органдардағы штаттық жиынтық 92% болса, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар – 93,7% -ды құрайды.

Назар аударатын мәселе мемлекеттік қызметте ерлерге қарағанда әйелдер көп. Нәзік жандар – 2 168 немесе 62,1%, ерлер – 1 316 немесе 37,9% көрсеткішке ие.
Мемлекеттік қызметшілердің 3 272-сі немесе 94%-ы жоғары білімді. Оның ішінде мемлекеттік қызмет академиясын бітірген 45 адам ( 1,3%) және «Болашақ» бағдарламасының 20 түлегі (0,6%) бар.
Жас көрсеткіші бойынша басым бөлігі 30-39 жас аралығындағы 1 241 адам (35,7%) қызмет етеді.
Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі – 9,3 жыл, ал орташа жасы – 34,4 жасты құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109