1075

Суға шомылу ережелерін бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қала тұрғындары оқыс оқиғалардың алдын алу үшін, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Комиссия тексерісі бойынша көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтары, 20-сы тыйым салынған орындар.

«Қаланың төрт ауданында тегін коммуналдық жағажайлар ашу қолға алынды. Олар: Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандары», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

9 мамырдан бастап 141 тыйым салу белгісі мен 20 ақпараттық стенд орнатылған, 20 қалқыма белгілер де қойылған, 14 қайық және сүңгуірлер күнделікті кезекшілік етеді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен волонтерлер бірігіп 155 рейд жүргізді. Суда ережелерді бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала мектептерінің 3 250 оқушысына арнайы алты интерактивті сабақ өткізілді.

Күн сайын рейдтік шараларға барлық 23 учаске бойынша тексеретін жеке құрамдағы (ТЖД, ДП, МГ, волонтерлер) 80 адам қатысады.

1 маусымда қала акваториясында үш адам қаза болды. Екі адам құтқарылды.

«Суға шомылу кезеңінде азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы күшейтілген қарқында қызмет атқаруда. Сонымен қатар карантин кезеңінде санитарлық нормаларды есепке ала отырып, жаппай суға түсу орындарына бару нұсқаулығы бекітілді. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері бойынша теле және радиода ақпарат берілуде. Бұл жұмыс күшейтілген режимде жүргізіледі және ол судағы оқыс оқиғаларды азайтуға септігін тигізеді», – деді басқарма.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109