1799

iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына қашықтан жұмыс істеуге 15 оператор қабылданды

Оператордың міндетіне қабылдау, кеңес беру, қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді ақпараттық жүйеде тіркеу кіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы – iKOMEK 109 қызметкерлерді қабылдау қорытындысы бойынша 15 адамды жұмысқа қабылдады. Қазіргі уақытта іріктелген үміткерлер орталықта оқытылуда, оқу аяқталған соң қашықтан жұмыс кестесіне бөлінеді.

«Арнайы оқытылған әдіскер кіріспе сабақтарын өткізеді. Деректер базасында қаланың мемлекеттік басқармалары мен коммуналдық қызметтерінің жұмысы туралы мәліметтер сақталады: анықтамалық ақпарат, коммуналдық қызметтердің жоспарланған және алдын алу жұмыстары туралы деректер. 1800-ден астам қызмет бойынша оператор жауапты бірінші қоңыраудан-ақ бере алады», – дейді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дүбірова.

Оператордың міндетіне қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау, кеңес беру, ақпараттық жүйеде тіркеу кіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109