1759

Елордада діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Нұр-Сұлтанда елордалық діни бірлестіктер қызметі және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің онлайн отырысы өтті.

Өз сөзінде Б.Мәкен қаладағы діни ахуал оң бағытта дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде 54 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс істеуде.

Б.Мәкен діни бірлестіктерге төтенше жағдай мен карантин режимін қолдауға белсенді қатысқаны және жәрдемдескені үшін алғыс білдіре отырып, «Елордада этносаралық және конфессияаралық келісімнің тұрақты үлгісі қалыптасқанын және оны қолдауға елорда әкімдігі, сондай-ақ діни бірлестіктер көп күш жұмсайтынын атап өткен жөн», - деді.

«Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес өз қызметтерін атқарады және мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайтуда, үйлесімді қарым-қатынасты жақсартуда әрқайсысыңыздың үлесіңіз бар», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Кеңес отырысында Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және бірлесіп жүргізілген жұмыстар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның нормалары, сондай-ақ қаланың діни бірлестіктері қызметінің мәселелері алқалы түрде талқыланды.

Б.Мәкен елордада төтенше жағдай режимі алынғанын, алайда коронавирустық инфекцияның таралу қаупі әлі де бар екенін еске салды. Осыған байланысты ол құлшылық ету кезінде барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109