1733

Нұр-Сұлтанда Ұлттық бірыңғай тестілеу жалғасуда

ҰБТ өтетін жерлерде санитарлық нормалар қатаң сақталуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Биыл ҰБТ үш университеттің базасында өтуде. Тестілеу 21 маусымда басталды, бүгін төртінші күн. ҰБТ тапсыруға 2600-ден астам түлек ниет білдірді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, емтихан өтетін жердерде қатаң санитария шаралары сақталуда. Аудиторияларда әлеуметтік қашықтық сақталған, ата-аналардың тестілеуді онлайн форматта бақылау мүмкіндігі бар», - деді Нұр-Сұлтанның білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістемелік бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы.

№ 42 орта мектептің мұғалімі Айгүл Бекбаева өзінің оқушыларын қолдау үшін келді.

«Осы жерде сағат жетіден бері отырмыз. Биыл ҰБТ коронавирус індетінің өршуімен сәйкес келіп қалды. Бұл қатаң санитария шараларын қабылдауға әкеліп соқты. Бізді тіпті аулаға да жібермейді, ол дұрыс. Арақашықтық сақталған, барлық түлектер маска, қолғап, антисептиктермен қамтамасыз етілген», – дейді педагог.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым мен 5 шілде аралығында үш университеттің: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық унверситеті және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде өтуде.

ҰБТ өткізу бекеттерінің барлығы қажетті құралдармен жабдықталған. Тестілеу кезіндегі қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде.

Ата-аналарға үйде қалуға кеңес берілді, оларға аудиториядан онлайн трансляция ұйымдастырылды.

Биыл қаладағы мектеп түлектерінің саны – 6515. ҰБТ-ға қатысуға 6255 адам (95%) өтініш берді, оның ішінде 3661 – қазақ тілінде, 2554 – орыс тілінде және 40 түлек ағылшын тілінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109