2323

Елордалық еңбек жасағында 1,2 мың жас жұмыс жасауда

Биыл елордада студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасағына 1200 жас қабылданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үздік жобалардың бірі – студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары. Бұл жоба жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес, белгілі бір квота аясында жүзеге асады.

«Елорда бойынша 16-шы еңбек маусымы өз жұмысын бастап кетті. Өткен жылдардағы квота бойынша, жылына 975 адам жұмыспен қамтылған болатын. Алайда бұл жобаның сұранысқа ие болғаны ескеріліп, алдағы 3 жылда (2020-2022 ж.ж.) жылына 1200 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Еңбек жасағына 14-29 жас аралығындағы кез келген жастың қатысуына мүкіндік бар. Десек те, бүгінгі таңда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау ретінде сол санаттағы балалар жұмысқа көптеп қабылданып отыр. Жұмысшы жастар үш катергория бойынша жұмыс істейді: бірі әлеуметтік жағдайына байланысты іріктелген 14-17 жастағы балалар болса, екіншісі – 17-22 жастағы колледж, ЖОО студенттері, үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

Бақытжан Әбдірейімжанұлының айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалар ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда еңбек етіп жатыр. Олардың жұмыс уақыты 4 сағаттан артық емес, аптасына 5 күн. Бұл топтағы балалар қаладағы саябақтарды тазалау, мектеп ауласын көгалдандыру секілді жұмыстар атқарады. Екінші топтағы балалар қалалық саябақтарда «Астана көгалдандыру құрылысы» мекемесімен бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Кәмелетке толған балалар 6-8 сағат жұмыс істейді. Ал ересек топтағы жұмыскерлер толық жұмыс кестесі бойынша, құрылыс алаңдарында немесе «Астана орманы» мекемесімен бірге еңбек етеді.

«Құрылыс алаңдарына көбіне студенттер мен ересек топтағы жастар жіберіледі. Құрылыс алаңындағы жастардың бекітілген жалақысы бар және біздің тарапымыздан сыйақы беріледі. Барлық қатысушыларға арнайы жұмыс киімі тігілді», - дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы.

Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, карантинге байланысты жұмыс талаптары да өзгерген.

«Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді. Ең бастысы жастардың қауіпсіздігі сақталған. Әр адаммен жеке келісімшарт жасалады. Барлық талаптарымен танысып, жадынамаға қол қойылады», – дейді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109