2018

«Астана – адалдық алаңы» Алматы ауданындағы үйлерді жөндеу сапасын тексерді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, Сәтбаев көшесі, 8 және Қажымұқан көшесі, 14/1 мекен-жайы бойынша Алматы ауданындағы «Нұрлы жер – 2025» тұрғын-үй коммуналдық дамуының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан әкімдігі «Нұрлы жер – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда мердігер мекемелер анықталып, осы жылдың 20 мамырынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Мониторинг барысында тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды, ақаулар анықталып, мердігер компанияға оларды жою туралы тапсырмалар берілді.

2020 жылы Нұр-Сұлтанда осы бағдарлама бойынша 50-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй жөндеу жоспарланған.

«Жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қаланың әр ауданында көп пәтерлі тұрғын үйлердің мониторингі жасалады», – дейді қала әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109