3019

Елордалық жедел жәрдем жұмысы COVID-19 эпидемиясы кезінде қалай өзгерді

Қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақырулар саны артты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем бригадасының саны 150-ге дейін көбейтілді.

«Бұрын біздің құрамда 118 бригада жұмыс істеген. Қоңыраулар санының артуына байланысты біз олардың санын 150-ге жеткіздік», – деді қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

Оның айтуынша, келесі аптада қаладағы медициналық колледждердің 70 түлегі жедел жәрдем қызметіне қабылданады.

«Қалалық жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, қазір бригадаларға үлкен жүктеме түсуде. Қоңырауларды қабылдауды жақсарту үшін біз 103 диспетчерлерінен бес пульт, ал байланыс орталығынан жеті пульт қостық», – деді М.Оразбаев.

Соңғы аптада Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктеме айтарлықтай өсті: өткен тәулікте шақырулар саны 4,5 мыңға жетті (коронавирусқа дейін 1-1,5 мың болатын).

Бір аптада қызмет көрсетілген шақырулар саны 18 мыңға жуық, өткен тәулікте – 2 800.

Сонымен қатар, тұрғындар жедел жәрдемге https://t.me/ns103bot?fbclid=IwAR0n3-W9e4inDIrVsXRMxMBclzP7spbkFh98lXZ0gl5sO4SKkUKllrvG29g телеграм-боты арқылы да жүгіне алады.

Сондай-ақ ахуалдық орталық жұмысын бастады – мамандар бір мекемеде науқастардың толып кетпеуі үшін оларды ауруханаларға таратады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109