2186

Елордалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жас түлектерге арналған онлайн сұхбаттар өткізуде

«Сұранысқа ие мамандықтар» тақырыбындағы алғашқы сұхбатты Astana İnternational University жоғары өнер мектебінің деканы Саят Ибраевпен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған онлайн сұхбаттардың мақсаты – жас түлектердің дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету мен қазіргі уақытта сұранысқа ие мамандықтармен халықты жақыннан таныстыру.

ҚР Білім беру саласының үздігі Ибраев Саят қазіргі таңда жастарға IT саласының өркендеп келе жатқанын айтып, болашақта жұмыс табу мәселесіне тап болмаулары үшін бірнеше кеңес берді.

«Қазір мемлекет тарапынан бөлінетін грант саны артып келеді. Кейбір мамандықтарға грант саны республика бойынша аз бөлінеді. Ол мамандыққа сұраныс аз болса да, кейбір ата-аналар балаларын ақылы негізде де оқытуда. Білім саласының өкілі ретінде берілетін мүмкіндіктерді дұрыс қолдануға кеңес беремін», – деді онлайн-сұхбат қонағы.

Айта кетейік, бүгінде елімізде сауда, ауыл шаруашылығы және білім саласындағы қызметкерге деген сұраныс артқан.

Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының өкілдерімен кездесулер легі жалғасын табады. Барлық кездесулер Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде (@ruhani_elorda парақшасында) өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109