2598

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жұмысшы 150 мың теңгеден астам жалақы алады

Бағдарлама бойынша 3 мыңға жуық жұмыссыз жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

«Жол картасы аясында 15 мың адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында 2 956 адам жұмыспен қамтылған. Нысандарда жұмысшылар өте қажет. Бағдарлама бойынша ең аз жалақы 85 мың теңгені құрайды. Бірақ қазір қарапайым жұмысшы 150 мың теңгеден астам жалақы алады», – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы Азамат Байтасов.

Қазіргі уақытта Бейбітшілік және Келісім Сарайы күрделі жөндеуден өтуде. Мұнда жұмысшылар өте қажет.

«Біз жұмыспен қамту орталығынан 45 қызметкер алдық. Гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Жауын кезінде нысанға су кетеді. Қазір бұл олқылықтар жойылуда», – дейді Бейбітшілік және Келісім Сарайы МКҚК басшысы Дильбар Амирова.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Бағдарлама аясында жұмыспен қамту орталығы қажетті біліктілікке ие кадрларды іріктеумен айналысады және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыс берушілермен сұхбатқа бағыттайды.

Жұмыспен қамту орталығы құрылыс, жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру саласындағы жұмыстарды ұсынады.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы азаматтарға және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109