5665

Елордада нөсерлі коллекторлардан 34 тонна қоқыс алынды

Көшелерді су басудан сақтау үшін әкімдік нөсер кәрізін салу және коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Иманов, Бараев, Ташенов көшелерінде нөсер кәрізі жүйесі қайта жөнделіп жатыр. Жөндеу 2021 жылы аяқталады.

«Бұл су басатын учаскелердің бірі. Ташенов көшесіндегі ұзындығы 530 метр болатын нөсерлі коллектор лай мен балшықтан тазартылды. 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Осының барлығы коллектордың жұмысын қиындатты. Ол толығымен бітеліп қалған. Тазалау жұмыстары жалғасады. Бұл жерде бұрын батпақ болған, қазір құрғап, нөсер ағындары жинағышының құрылысы жүріп жатыр.

«Жастар» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты (Тәшенов және Амман көш. қиылысы) тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл тазалау құрылғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылын су басудан сақтайды», – деді «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының міндетін атқарушы Марсель Ұзақов.

Б.Момышұлы учаскесінде нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде. (Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін жалғасады)

Бұдан басқа, қалада коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 км құрайды, олардың 134 км тазалауды қажет етеді.

2019 жылы Мыңжылдық аллеясы ауданында екі учаске бойынша нөсер кәрізі мәселесі шешілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109