2585

Астанада пластик, қағаз және шыны қалдықтарын жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды

Қазіргі уақытта осындай он бокс қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа контейнерлер Нұр-Сұлтандағы аула алаңдарына орнатылды. Олар қайта өңдеуге жарайтын пластик, шыны, қағаз сияқты қалдықтарды жинауға арналған, деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Алмаз Рысалиев.

«Олар толықтай жанбайтын металлдан жасалған. Кішігірім қоқысты тастауға болатын арнайы қақпағы бар. Ар тор арқылы оның ішіндегі қалдықтарды көруге болады. Сыртында пластик, қағаз, шыны мен металл тастауға болатыны жазылған», – деді А.Рысалиев.

Аталған жоба пилоттық болып табылады. Сары түсті контейнерлерді өртеп, сондай-ақ қоқысты сұрыптап тастамағаны үшін өртке төзімді торлы контейнерге көшу туралы шешім қабылданды.

Елорда аумағында қазір 6 мыңнан астам сары контейнер орнатылды.

Еске сала кетейік, астанада қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинауды ұйымдастыру жобасы 2018 жылдың маусым айында басталды.

Сары контейнерлер құрқақ қалдықты, яғни металл, пластик, қағаз бен шыныны салуға көзделген. Ал жасыл түсті және цинктелген контейнерлерге тамақ және органикалық қалдықтарды салу керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109