2378

Нұр-Сұлтанда нөсер кәріздері мен тазарту құрылғыларының құрылысы жүруде

Алтай Көлгінов бірқатар нөсер кәріздері мен тазарту құрылғыларының құрылысымен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жастар» шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл нөсерлік су канализациясының өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, деп жазды өзінің «Инстаграм» парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Тазарту құрылғылары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарын жаңбыр суы басудан қауіпсіздендіреді. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2021 жыл.

«Ташенов көшесіндегі ұзындығы 530 метрді құрайтын нөсерлі коллектор желілерін тазарттық. 34 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Осы уақытта дейін жиналып қалған қоқыс коллектор жұмысын қиындатты. Биыл күзде Б.Момышұлы даңғылындағы (Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін) проблемалық учаскесінде нөсерлі кәріз магистралды коллекторының құрылысын аяқтаймыз», – деді Алтай Көлгінов.

Осы жылдың аяғына дейін Тельман елді-мекеніндегі тазарту құрылғылары мен магистралды коллектор құрылысы аяқталады. Қуаты тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Жобаны іске асыру Тельман елді-мекені мен № 27 көше бойындағы құрылыс аймағынан жер үсті ағындарын бұруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған коллекторларды тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 354 км-дің 134 км-і тазарту жұмыстарын қажет етеді. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағында екі учаскедегі нөсерлік су кәрізінің мәселесі шешілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109