4016

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кино көрсетілімі өтеді

Астана күнінде тұрғындар отандық және әлемдік кинематографтың үздік туындыларын тамашалай алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 1-6 шілде аралығында қазақстандық және әлемдік фильмдерді ашық аспан астында тамашалай алады. Көрсетілім «Астана-Арена» стадионының алдында (Қабанбай батыр даңғылы бойымен) өтеді.

Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шаралары туралы да ескертеді. Міндетті түрде маска тағып, санитайзерлер қолдану және әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Kino Space аясында «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Біздің аяулы дәрігер», «Алпамыс мектепке барады», «Путь Лидера» киноэпопеясы, «Ақсақ құлан», сондай-ақ шетелдік «Джон Уик», «Приключения Питера Пэна», «Астерик и Обеликс» және т.б фильмдер көрсетіледі.

Сеанстың басталу уақыты – 21:30, кіру тегін. Көрсетілімде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы мүмкіндіктер қарастырылады.

Айта кету керек, «Kino Space» кинотеатрына MEGOGO халықаралық медиа қызметі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қолдау көрсетті. Шара барлық азаматтарға шетелдік продюсерлердің лицензияланған фильмдерін және қазақ киносының классикасын ашық аспан астында тегін тамашалауға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109