2974

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында  ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды. Бірінші оңалту орталығы Болат Өтемұратов  қорымен бірлесіп ашылды. Орталықта аутизм диагнозы бар балалармен жұмыс жасайды.
Орталықтың ашылуы аутистік спектрдегі ауытқуы бар балаларды 50% көбірек қамтуға мүмкіндік береді.

Екінші оңалту орталығы да осы орталық орналасқан жаңа тұрғын үй кешенінің(Уәлиханов, 23) бірінші қабатында орналасқан. Орталық күніне 200 келушіге дейін қабылдай алады. Онда БЦП, аутизм және басқа да  аурулары бар ерекше күтімді қажет ететін балалармен айналысатын болады. 

Алты жасар ұл баланың анасы Эльнара Шарафутдинованың айтуынша, мұндай орталықтар ерекше балаларды оңалту үшін өте қажет.

“Бұрын бізге түрлі емханалар мен орталықтарға баруға тура келді, қазір баланы оңалту үшін барлық қажетті қызметтерді осы орталықтан, бір жерден алуға болады", - дейді Эльнара. 

"Біз баламызбен оңалту орталықтарына барамыз, өз кезегімізді күтіп қалатын кездер де болады, себебі басқа да балалар бар екенін түсінеміз. Мен орталықтарға барғаннан кейінгі нәтижелерді байқаймын. Менің балам алғашқы қадам жасай бастады. Елордада оңалту орталықтарының көбейіп жатқаны қуантады. Себебі қалада ерекше 5,5 мың бала бар. Оңалту орталықтарының ашылуы балаларды көптеп  қамтуға және орталықтарға жиі баруға мүмкіндік береді", - деді ерекше баланың анасы Қымбат Керейбай.

Қала әкімдігі Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде  жүргізуде. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж құрылысы жүргізілуде, жаңа ғимараттардың бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар (балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар) ашылуда, инватакси саны екі есе өсті. 

Жастар сарайы ғимаратындағы ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін қолжетімді болатын бассейнге де жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109